«Кселл» қашықтықтан медициналық кеңес берудің MobiDoctor қызметін іске қосты

Дата публикации: 25.05.2020

«Кселл» телемедицина саласындағы жетекші ресейлік әзірлеуші «Мобильді Медициналық Технологиялар» (ММТ) ЖШҚ-ның эксклюзивті өкілі «IMEDICUS» компаниясымен бірге «Mobi Doctor» сервисін іске қосты. Active абоненттері тәуліктің кез келген уақытында, демалыссыз және әлемнің кез – келген нүктесінде, тіпті пандемиялық шектеулер аяқталған кезде де кезекші терапевт-дәрігердің немесе педиатрдың лимитсіз онлайн-кеңестерін ала алады. Дәрігер 3 минут ішінде чат, аудио немесе бейне қоңырау форматында ұялы қосымшада немесе сайтта байланысқа шығады.

Ересектердің немесе баланың денсаулығына қатысты кез – келген сұрақтарын мұқият тыңдайды және жауап береді, кеңес 30 минутқа созылады. Абоненттер талдауларын толық жазып алып, бұрын қойылған диагноз бойынша «екінші пікір» үшін жүгіне алады, дәрігердің дәрі-дәрмек құралдары бойынша жазбаша ұсыныстарын ала алады, емдеу жоспарын түзете алады, балаға күтім жасауға байланысты шұғыл сұрақтар бойынша жүгіне алады және т.б. Жеке кабинетте виртуалды медкарта құрылады, ал дәрігермен сөйлесуде емдеуші дәрігердің тағайындауларын, зерттеу нәтижелерін және фотосуреттерді жүктеуге болады.

Сервисте Мәскеу және Санкт-Петербург жетекші клиникаларының білікті дәрігерлері кеңес береді, маманның орташа еңбек өтілі – 17 жыл, дәрігерлердің орташа рейтингі – 5-тен 4,9. Көп ұзамай сервисте үздік жергілікті дәрігерлермен қазақ тілінде кеңес алу мүмкіндігі пайда болады.

Қазіргі уақытта «Doctor» топтамасы activ абоненттері үшін қолжетімді және Jana 3990 тарифтік жоспарларының құнына енгізілген. Бұдан басқа, осы тарифтік жоспарға «Doctor+» пакеті түріндегі 6990 тг/ай көлемінде қосымша төлем үшін upgrade қолжетімді. Сервис арнайы шарттар негізінде ұсынылады. «Doctor+» пакетінде кезекші терапевт немесе педиатрмен лимитсіз кеңес беру және кеңейтілген қызмет көрсету желісі қарастырылған.

Салыстыру үшін Мәскеу дәрігерімен бір жолғы кеңес құны 6990 тг. құрайды. «Бүгінгі таңда смартфондар арқылы адамдар үшін қызметтер көбірек қолжетімді болып отыр. Енді осындай қызметтердің қатарына Mobi Doctor сервисі арқылы дәрігердің онлайн-қабылдауы да кіреді. Біз қызметті оңай емес, бірақ өте өзекті уақытта іске қосамыз. COVID-19 пандемиясы мен енгізілген төтенше жағдайға байланысты біздің көптеген отандастарымыз қалаларда жүріп-тұру бойынша қатаң шектеулерді бастан кешуде. Осындай жағдайларда Mobi Doctor көмекке келуі мүмкін.

Қызмет өте оңай, қосымшаны жүктеу және кеңес бастау жеткілікті. Қазіргі уақытта кезекші терапевтің онлайн-қабылдауы activ желісінің тарифтік жоспарының абоненттеріне Jana желісі қолжетімді және олардың құнына енгізілген. «Mobi Doctor» сервисі — бұл ересектерге де, балаларға да үйден шықпай-ақ дәрігермен кеңес алуға мүмкіндік беретін онлайн-клиника.

Сервисте Мәскеу және Санкт-Петербургтің жетекші емдеу мекемелерінің дәрігерлері жұмыс істейді. Жақын арада Қазақстанның үздік мамандарын қосу жоспарлануда. Қызмет дәрігерлері тәулік бойы және демалыссыз көмек көрсетеді.

Заявка
тастау